Ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы пайда болды
Ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы пайда болды

«Бізде ғимарат ішіндегі ауа сапасы бойынша сенімді мәліметтер базасы бар. Біз респираторлық вирустардың қалай таралатынын және қыс айларында инфекцияның қалай күшеюі мүмкін екенін білеміз. Коронавирус пандемиясы басталған кезде жабық ғимарат ішінде вирустың таралу мүмкіндігі жоғары екенін білдік. Ол кезде бұл мәліметті тіпті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да айтпаған», - деп атап өтті Omni-electronica жетекшісі және зерттеу үйлестірушісі Артур Айкава.Spiri-ге орнатылған датчик ауаны жинап, мәліметті орталық станцияға жібереді. Станция бірден интернет арқылы мәліметті сұрыптап, техника мамандарына ауа айналымын жақсарту бойынша клиенттерге консультация беруге көмектеседі. Зерттеу нәтижелерін жақында ғылыми журналда жариялайды. Spiri белгілі бір ортада респираторлық вирустардың шоғырлануына тосқауыл бола алады және ғимарат ішінде вирустың болған-болмағанына тест жасап тұрады.
«Коронавирусқа арналған тестерді осы секілді хаттамамен жасауға болады, бірақ оларды уақыт және бағасына байланысты кең ауқымда өткізу қиын. Зертханалық талдау нәтижелерін алуға кем дегенде бес күн кетеді. Ал Spiri вирустың таралуынан сақтану үшін алдын алу шаралары қолданылды ма деген сұраққа нақты уақыт режимінде жауап береді», - дейді Айкава.