Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін мойындады

14 Қаңтар, 2019 671 0

Нұралы Қиясов Теннің өліміне әкелген пышақ жарақатын салды деп айыпталуда.


Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта күдікті Нұралы Қиясов жауап берді. Ол өз қылмысын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі сот залынан.

Нұралы Қиясов Теннің өліміне әкелген пышақ жарақатын салды деп айыпталуда.

«Мен өз кінәмді толықтай мойындаймын. Алайда біздің оны жоспарлағанымыз туралы айыптауды мойындаудан бас тартамын», – дейді Қиясов.

Сонымен қатар аталған іс бойынша Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева өтіп жатыр. Бұған дейін Құдайбергенов 19 шілдедегі оқиғаның қалай болғанын айтып беріп, Денистің ата-анасынан кешірім сұраған еді.


Дереккөз: zakon.kz 


Тегтер: денистен, өлім, оқиға, қылмыс, Алматы, сот

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.