Қарағандыда инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты

14 Қаңтар, 2019 856 0

Броконьерлердің қарсылығына тап болған инспектор, ауыр жарақат алып оқиға орнында қайтыс болған, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. 

«2019 жылдың 13 қаңтары күні сағат 18:00-ге жуық шамасында «Охотзоопром» ӨБ РМҚК инспекторларының Қарағанды облысы Нұра ауданының территориясын тексеру барысында 5 атылған киіктің денесі табылды. Одан бөлек, тіркелмеген нөмірлі екі автомобиль табылып, оның біреуі ұсталды. Инспекторлар автомобильді тексеру барысында белгісіз біреулердің қарсылығына тап болып, нәтижесінде бір инспектор пышақ жарақат алып, жақ сүйегі сынды, екіншісі бас сүйек-ми зақымын алып ес-түссіз күйде қалды, оны дәрігерлердің құтқара алмады. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының оперативті топтары аттандырылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып тәртіп бұзушыларды анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Фейсбук парақшасына.

Хабарламада айтылғандай толығырақ ақпарат кейінірек ұсынылатын болады.


Фото: ашық интернет көзінен алынды. 



Тегтер: заңсызаңаулау, киік, аңшылық, инспектор, кісіөлімі, Қарағанды

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.