Шымкентте стационарда ем алып жатқандар саны 56,9 пайызға төмендеді

Шымкентте стационарда ем алып жатқандар саны 56,9 пайызға төмендеді

ашық дереккөзі

 width= Мұрат Әйтеновтің айтуынша, шаһарда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастаған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Осы айдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандардың саны екі есеге төмендеген. Сонымен қатар, жедел жәрдем шақырту 43 пайызға азайып, жағдай тұрақтала бастады», -деді қала басшысы. Қала қоймаларында бір айлық дәрі қоры жасақталған. «Бүгінде шет мемлекеттен 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрілер мен 16 млн 700 мың маска жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 58 өкпені жасанды желдету аппараты, 250 «Бобров» тыныс алу аппараты және 26 реанимациялық мониторлар алынды. Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы ӨЖЖ аппараттарымен қамтылып отыр», - деді әкім. Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов төтенше жағдайға орай табысынан айырылған азаматтарға тиесілі 42500 теңге көлеміндегі біржолғы төлем Шымкент қаласының 100 504 азаматына берілгенін атап өтті. Еске сала кетсек, кеше облыс әкімдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің өңірлеріндегі жағдай туралы баяндаған болатын. Соның ішінде Шымкент қаласының әкімі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында қабылданып жатқан шараларды толыққанды баяндап шықты. Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігін айтты.  

Жүктелуде...