Шымкентте індеттің жұғу ықтималдылығы азайды
Шымкентте індеттің жұғу ықтималдылығы азайды
Қала әкімдігінің мәліметінше, қауіпті індеттен 2 770 адам жазылып шыққан, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Яғни, науқастардың 62 пайызы емделген. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында инфекциялық және провизорлық стационарларда қысқа мерзімде қосымша 3050 төсек орны ұйымдастырылып, орын саны 3 860-қа жеткізілген. Оның ішінде 650 инфекциялық, 3 210 провизорлық төсек орын саналады.
Ал, реанимациялық 30 төсек-орын саны 151-ге дейін көбейтілген. Бұдан бөлек, қаладағы ауруханаларға қосымша 58 ИВЛ аппараты мен 250 «Бобров» тыныс алу аппараты және 26 реанимациялық монитор алынған.
Реанимациялық орынның 88,7 пайызы немесе 134 ӨЖЖ аппараттарымен қамтылған. Оттегімен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3 пайызына жеткізілген. Сондай-ақ, тұмау мен өкпе қабыну белгілерімен жедел жәрдем шақырушылар саны 26,6 пайызға азайып отыр. Стационарларда ем алушылар саны 31,5 пайызға төмендеп, стационарлардағы төсек орынның жүктемесі 90,3 пайыздан 47,5 пайызға дейін кеміген.