Париждің орталығында қуатты жарылыс болды

12 Қаңтар, 2019 681 0

Париждің орталығында қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Хабарланғандай, жарылыс қаланың тоғызыншы ауданында болған. Оқиға салдарынан ғимараттар мен көліктер зақымданған. Құрбандар мен жарылыстың себебі әзірге белгісіз. Оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Жеке басылымдар полицияға сілтеме жасап хабарлағандай, алдын ала нұсқа бойынша жарылыстың себебі - газдың шығуы.


Автор: Тимур Дүйсекеев


Тегтер: Париж, жарылыс, Франция, оқиға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.