Шымкент: карантин кезінде бірқатар караоке барлар жұмыс істеген
Шымкент: карантин кезінде бірқатар караоке барлар жұмыс істеген
Еңбекші және Әл-Фараби ауданы аумағында полицейлер рейд өткізді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
19 шілдеде түнде рейд барысына Еңбекші ауданы Полиция басқармасы мен жұмысшы топ өкілдері аудандағы Тауке хан даңғылындағы 73-үйдегі «GQ» караоке барының жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Бар Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 9 шілдедегі №26 қаулысының талаптарын өрескел бұзған.
Заңды шара қолдану мақсатында құжаттар Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Адырбеков көшесіндегі 39-үйде орналасқан «Мята» Lounge барының ішінде сағат 00:38 шамасында 7-8 адамның отырғанын анықтады. Келушілерден түсініктеме алынып, 2 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
«Мята» Lounge барының иесі мен келуші азаматтарға қатысты құжаттар жинақталып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік шара қолдану үшін Әл-Фараби аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.