Шымкентте дәрі-дәрмек жеткілікті
Шымкентте дәрі-дәрмек жеткілікті
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов дәрі-дәрмекті заңсыз сатушылармен күрес қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысының халықты дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қалада төрт мониторинг тобы құрылып, 348 дәріханаға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде дәрі-дәрмек сатумен айналысқан 50 адам анықталды. Оның ішінде 12 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Қалада көтерме дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 10 ірі фармкомпания 560 дәріханаға жұмыс істейді. Шетелден дәрі-дәрмек алып келуге 10 фармкомпанияға рұқсат беріледі», - деді Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында.Әкімнің айтуынша, бір ұшақ, 10 фурамен Үндістан, Ресей, Украина және Өзбекстаннан 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрі-дәрмек және 16 млн 700 мың маска жеткізілген.
«Қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Коронавируспен күресті тұрақты бақылауда ұстау үшін қала әкімдігінде ахуал орталығы бар», - деді ол.