Жеңіліп көрмеген Нұрсұлтанов АҚШ-та мексикалықты нокаутқа түсірді

12 Қаңтар, 2019 603 0

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагамен сегіз раундқа созылған кездесу өткізді. Қазақстандық боксшы оны екінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетіп отыр. Бокс кеші аясында тағы бес жекпе-жек өтті. Кештің ең басты оқиғасы қазақстандық Мадияр Әшкеев пен пуэрторикалық Луис Эрнандестің кездесуі болды. Әшкеевтің жекпе-жегі он раундқа созылды. Нәтижесінде судьялардың шешімімен Әшкеев жеңіске жетті.

Айта кетейік, Әшкеев пен Нұрсұлтановтың мүдделерін америкалық Main Events промоутерлік компаниясы мен менеджер Эгис Климас қорғайды.

Тегтер: бокс, Нұрсұлтанов, АҚШ, жекпе-жек, Қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.