Тұрғындар табиғи газбен толық қамтылады
Тұрғындар табиғи газбен толық қамтылады
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының 92,1 пайызы табиғи газбен қамтылған. Осы орайда, биыл Шымкент қаласының қолданыстағы газ жүйесінің қысымын көтеру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Қазір қалада үшінші АГРС жобасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Үшінші АГРС сағатына 250 мың куб газ өткізеді. Қаланың барлық шалғай аудандарын қамтиды. Жоба толығымен 2020 жылдың қазан айында аяқталмақ.
Айта кетейік, Шымкентте алдағы екі жылда қала тұрғындарын табиғи газбен қамту деңгейі 92,1 пайыздан 96 пайызға жетеді деп жоспарлануда.