Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкент: 250 «Бобров» тыныс алу аппараты мен 10 монитор алынды

Шымкент: 250 «Бобров» тыныс алу аппараты мен 10 монитор алынды

Шымкент: 250 «Бобров» тыныс алу аппараты мен 10 монитор алынды
ашық дереккөзі
 width= Ауруханаларды материалдық құрал-жабдықтармен қамту ісі де қолғп алынды. Қалада медициналық мекемелерде 323 ИВЛ аппараттары бар, оның 130 портативті аппарат. Сонымен қатар, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 10 монитор алынды, – деді баспасөз мәслихатын өткізген қала әкімі Мұрат Әйтенов, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Қазіргі таңда 6 ауруханада арнайы кислород станциялары орнатылуда. Қалалық әкімдіктің резервінен коронавирсқа қарсы шараларға 1,8 млрд. теңге бөлінді. Оның 854 млн.теңгесі материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. – 21 ИВЛ аппараттары алынып, жақын арада қойылатын болады. Одан бөлек, қалалық бюджетті оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде, қосымша ИВЛ, басқа да құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер сатып алуға 5 млрд.теңге қаржы бағыттау жоспарланды. Сонымен қатар медицина саласының қызметкерлерін қолдау шаралары Медицина қызметкерлерінің КВИ-мен ауырған 569 жағдайы тіркелген. Оның 129-ы Түркістан облысының медицина қызметкерлері (дәрігер 143, медбике 258, басқа персонал 128). Жалпы жағдайдан үлесі 15,8 пайыз. Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 2 764 медицина қызметкерлеріне 780 млн.теңге еңбек ақыларына үстемеақы төленді. Сонымен бірге халық қоры және демеушілердің есебінен 935 медиицна қызметкерлеріне 42,4 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді. 336 науқастармен тығыз байланыста жұқпалы ауруханалар медицина қызметкерлерін қонақ үйлерде тұру, тамақ беру, жұмысқа қатынауы ұйымдастырылды. Мұрат Әйтенов эпидемиологиялық жағдайға байланысты ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап, 20-шы шілдесіне дейін қалада қайтадан карантин шаралары енгізілгенін атап өтті. Барша шымкенттіктерді бұл шектеу шараларына түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде дүрбелеңге салынбай, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.