Түркістан: «Nur Otan» партиясы жастарға қолдау көрсету мақсатында жиын өткізді
Түркістан: «Nur Otan» партиясы жастарға қолдау көрсету мақсатында жиын өткізді

«Осы ауқымды істі жүзеге асыру, жол картасын толықтыру үшін басқармаларға бірлесіп жұмыс істеуді ұсынамыз», – деді Б.Дәулетұлы.Облысымызда «Жастар-Отанға» бағдарламасын өңірде тиімді жүзеге асыру үшін нақты индикаторлар мен іс-шараларды қамтитын жол картасы Түркістан облысы әкімдігі басқармаларымен бірлесе отырып әзірленді. Жол картасының мақсаты – өңірде жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, жастарға, жас отбасыларға қалыптасу жолында жан-жақты қолдау көрсету. Сонымен қатар бұл жол картасы жастар арасындағы қылмыс пен жұмыссыздықты азайту, өз-өзіне қол жұмсау және өзге де келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға бағытталған іс-шаралар жоспарын қамтиды. Басқарма басшылары мен өкілдері өздеріне тиесілі бағыттарды дамыту бойынша ойлары мен ұсыныстарын жеткізді. Жиынның қорытындысы бойынша облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына Түркістан облысындағы өзге тілді мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарды ашу бойынша жұмыстар жүргізу ұсынылды. Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасы мен қоғамдық даму басқармаларына «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын ауылдардағы маман қажеттілігіне қарай ұйымдастыруды қолға алмақ. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы аула клубтарын дамыту және спорттық іс-шараларды жүйелі өткізеді. Сонымен бірге жастарды жұмыс орнымен қамту, «Серпін» бағдарламасын насихаттау, жастардың сапалы білім алуларына жағдай жасау және өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, хаттамаға енгізілді.