Шымкент: Кәсіпкерлік нысандарға қатаң тексеру жүргізіліп жатыр
Шымкент: Кәсіпкерлік нысандарға қатаң тексеру жүргізіліп жатыр
Абай ауданы аумағындағы Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарының карантин талаптарын сақтауы бойынша Абай ауданы әкімдігі және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы бірлесе мониторинг жасады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі q-content.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексеру барысында талапты сақтамаған кәсіпкерлерге ескерту беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ескерте кетейік, енді карантин талаптарын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде, ал бизнес субъектілеріне 230 АЕК немесе одан да жоғары мөлшерде айыппұл салынатын болады.
Және де аудан аумағында 4 шағын аудан орналасқан. 672 көпқабатты тұрғын үй бар.Бүгін осы тұрғын үй ауласындағы қоқыс контейнерінің айналасындағы бей-берекет қоқыстарды тазарту жұмыстыры жүргізілді.Сонымен қатар, қоқыс алаңшаларының айналасы залалсыздандырылып, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен танымдық қызығушылықтарын, IT технологиялармен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру, шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау, Шымқаламыздың тарихи, мәдени, көрікті жерлерін таныстыру мақсатында «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» тақырыбында шығармашылық презентация байқауы өткізілді.
Презентация барысында оқушылар туристер не үшін Шымкентке келуі керек деген сұраққа 20 себебін слайдпен көрсетіп берді.
Ең үздік деген жұмыстар дипломадармен марапатталып, Шымкенттегі туристерге арналған ақпараттық дүңгіршекке жолданды. Сонымен қатар, 28 маусым күні қаланың 5-6 сынып оқушылары арасында Дарын орталығы сайты (http://daryn-shymkent.kz) арқылы математика пәнінен 150-ге жуық оқушыларды қамтып онлайн-олимпиада өкізді.
Жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар орталықтың олимпиадалық резервіне жинақталады.