Жаңалықтар

Навальныйдың зәрінде кофеин мен алкоголь болған

Навальныйдың зәрінде кофеин мен алкоголь болған

 width= Алексей Навальныйды Германияға жеткізер алдында емделген Омбы ауруханасының дәрігерлері неміс әріптестеріне көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Омбы облысының Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Навальный медициналық сынақтардан өтті. Қорытынды бойынша пациенттің зәрінде кофеин мен алкогольдің болғандығы анықталған. Сонымен қатар оксибираттар, барбитураттар, стрихнин сияқты улы заттар табылмаған. Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, дәрігерлер пациенттің жағдайын қалыпқа келтірген. Айта кетейік, 20 тамызда Навальный ұшып келе жатқан ұшақ жедел түрде Омбыға қонып, Навальный ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Навальный жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.