Қазақ туризмін дамыту мәселелері қаралды
Қазақ туризмін дамыту мәселелері қаралды

«Тау шаңғысы демалысын ұйымдастыру Қазақстанда өте перспективалы бизнес. Өйткені шетелдік туристердің біздің тауларымызға деген қызығушылығы бар және біздің туристердің Еуропаның немесе Орталық Азия елдерінің шетелдік тау шаңғы курорттарына деген сұранысы да бар», - дейді Turan Asia LLP директоры Гүлғайша Қасенханқызы.Статистикаға сәйкес, таушаңғы демалысын ұнататын турист күніне орташа есеппен 250 доллар жұмсайды. Ал жағажайға баратын турист тек 50 доллар шығындайды. «Kazakh Tourism ҰК» АҚ-дан мәлім еткендей, кездесудің екінші бөлімі толығымен экотуризм және туристердің экологиялық сауаттылығын арттыру мәселелеріне арналды. «Тамыр» жабайы табиғатта болу мектебінің идеялық жетекшісі Әсел Исанова туристерді қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрету жоспарлары туралы айтып берді.
«Біз жұртшылыққа таудағы жүріс-тұрыс ережелерін қоғамдық дәрістер, ақпараттық турлар, білім беру және шабыттандыратын медиа контент арқылы таныстыратын боламыз. Біздің басты мақсатымыз – адамның табиғатта қауіпсіз болуын, сондай-ақ табиғатты адамның зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету», - дейді Әсел Исанова.Әрі қарай спикер мектеп жанынан эко-волонтерлік қозғалыс құрылатынын, оған бір айда аз уақыт ішінде 600-ден астам адам тіркелгенін хабарлады. Қозғалысқа қатысушылар арасында мектеп оқушылары мен студенттерден басқа, кәсіби еріктілер, шығармашылық адамдар, экологтар, биологтар, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар және басқа да мамандандырылған тұлғалар бар.
«Бірлескен іс-әрекеттердің арқасында парктің ластануы, флора мен фаунаның жойылуы, туристік ағындарды реттеу және басқа да маңызды мәселелерді шешуге үлкен үлес қоса алатынымызға сенімдімін», - деп қорытындылады Ә.Исанова.