Аймағамбетов: мұғалімдерді қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол бермеймін
Аймағамбетов: мұғалімдерді қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол бермеймін
Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
"Сенатор білім беру жүйесінде туындаған және бейінді ведомствоның араласуын талап ететін бірқатар маңызды проблемаларды атап өтті. Жекелей алғанда, депутат пен министр мектептердің қашықтан оқытуға дайындығы, мектеп директорларын ротациялау арқылы тағайындау, жалақыны арттыру және мемлекеттік сатып алуға құжаттарды дайындау бойынша мұғалімдерге түсетін жүктемені алып тастау мәселелерін талқылады. Азаматтар аталған мәселелердің барлығын сенатордың аймақтық сапарлары кезінде көтерген",- дейді парламент сенатының баспасөз қызметі.Асхат Аймағамбетов ведомствода қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жобасы дайындалғанын, ол қазірдің өзінде Парламентке жіберілгенін және бұл айтылған мәселелерді шешуге ықпал ететіндігін айтты. Сондай-ақ, сенатор мектеп психологтары қызметіне қатысты туындайтын мәселелер туралы сөз қозғады. Министр өз кезегінде «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол бермейтінін еске салды. Сондықтан сенатор сөз еткен мәселелердің барлығы министрліктің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.