Министрлік мәлімдемесі: Келер жылы зейнетақы мен жалақы мөлшері қалай өзгереді?
Министрлік мәлімдемесі: Келер жылы зейнетақы мен жалақы мөлшері қалай өзгереді?
Қаржы министрлігі АЕК, ең төменгі зейнетақы мен жалақы, сонымен қатар 2021 жылы белгіленуі жоспарланған ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін атады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 43 272 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 2 917 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 34 302 теңге", - дейді қаржы министрлігі.