Алакөлде 21 жастағы жігіт мылтық оғынан көз жұмды
Алакөлде 21 жастағы жігіт мылтық оғынан көз жұмды

Үш сағат ішінде көрші ауылдың 23 жастағы тұрғыны күдікке ілінді. Еш жерде жұмыс істемейтін ол оқиға орнынан ізін суытқан. Ұсынылған бұлтартпас айғақтар негізінде күдікті ауыр қылмыс жасағанын мойындады, - деді Алакөл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Саят Слямов.Тексеру барысында қылмыс орнының маңындағы ғимараттан аңшы мылтығы табылды. Тергеу барысында анықталғаны, жастар арасындағы кикілжіңнің соңы төбелес пен адам өліміне әкеп соққан. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.