Шұғыл медицинаны үйлестіру орталығындағы аудит 1,7 млрд теңгенің сырын ашты
Шұғыл медицинаны үйлестіру орталығындағы аудит 1,7 млрд теңгенің сырын ашты
Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында» жүргізілген аудит қаржыға қатысты көптеген олқылықты анықтады, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шұғыл медицинаны үйлестіру орталығындағы аудит 1,7 млрд теңгеге қатысты кемшілікті анықтады.
Министр бұйрығымен бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» 18 мамырдағы тапсырма негізінде Ішкі аудит департаменті 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезеңде тиімділік аудитін жүргізген.
«Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша орталықта жалпы сомасы 1 754 637,9 мың теңгеге бұзушылық анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар - 3 071,7 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтіруге жататын сома - 3 004,6 мың теңге, өтелуі тиіс – 67,1 мың теңге;
рәсімдік сипаттағы бұзушылық – 1 737 961,8 мың теңге;
мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер етпейтін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзып жасалған мемлекеттік сатып алу сомасы - 700,0 мың теңге;
бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану - 12 904,4 мың теңге».
Баспасөз қызметінің мәліметінше, орталыққа кемшіліктерді жою және ұсынымдарды қарау туралы шешіммен бірге ішкі аудит нәтижелері туралы есеп жіберілген.