Атырау қаласында сауна өртенді
Атырау қаласында сауна өртенді
Атырау қаласында сауна өртенді, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Өрт Лесхоз ықшам ауданында орналасқан саунада шыққан. «Департаменттің диспетчерлік пультіне 21 тамыз сағат 10:00-де саунаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.
Өртті сөндіруге арнайы қызметтің 11 қызметкері жіберілді. Оған 3 арнайы техника тартылды.
Өрт ауданы 9 шаршы метр болатын бу бөлмесінде басталған.
Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде қызыл жалын жапсарлас тұрған жалпы ауданы 1 400 шаршы метрлік техникалық қызмет көрсету бекетін шарпыған жоқ», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.