Ақтөбеде сенбі-жексенбі қоғамдық көлік жүрмейді
Ақтөбеде сенбі-жексенбі қоғамдық көлік жүрмейді

«Әуежай мен теміржол, жанармай бекеті, күзет қызметі, супер- гипермаркеттер мен жеткізу қызметіне рұқсат бар. Көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкендері ашылады. Сауда-логистика орталығы, қойма жабылмайды», - деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен БАҚ қызметіне шектеу жоқ. Қалғандары сенбі-жексенбіде жұмысын тоқтатады.
«Әкімшілік шара қолданбау үшін тәртіпке бағыну қажет. Қоғамдық тамақтану орындары да жеткізу қызметін тоқтатады. Қоғамдық көлік те жүрмейді», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Алтынбеков.