Түстер сөйлейді: осал тұсыңызды анықтаңыз
Түстер сөйлейді: осал тұсыңызды анықтаңыз
Көрсетілген суреттерді мұқият қарап шығыңыз. Өзіңізге ұнайтын біреуін таңдап, психологиялық портретіңізді анықтаңыз. ҚАРА Сіз өзіңіз мойындамасаңыз да, сізге басқалардың қамқорлығы қажет. Жалғыздық сезімі кейде сізді толғандырады, өйткені жалғыздық түсінбеушілікті, осалдықты арттырады. Ең бастысы, өзіңізді қалай басқаруға болатындығын білесіз. СҰР Сіз асығыс әрекеттер жасаудан аулақсыз. "Жеті рет өлшеп бір рет кес" деген нағыз сізге арналған. Ішкі әлеміңізді жасырын ұстағанды ұнатасыз. Жұрт назарында болғанды қалайсыз, бірақ осы әдетіңіз кесірін тигізуі де мүмкін. ҚЫЗЫЛ Сіз сезімтал адамсыз. Кейде өз сезімдеріңізді басқалардың қалай қабылдауына мән бермейсіз. Өте эмоционалды жансыз. Алайда әрекеттеріңізде ешқандай жамандық жоқ. ҚОҢЫР Сіз нағыз еңбекқор, айтқанынан қайтпайтын тік адамсыз. Ең бастысы - қарапайым инстинктивті тәжірибеде, қуанышта да, қайғыда да «шынайылықты» жоғалтпау. Шешімді өзіңіз қабылдағанды жөн көресіз. САРЫ Адамдармен тез тіл табысып кете аласыз. Сіз көпшіл, бауырмал, өте ашық жансыз. Адамдарды қуантуға үнемі дайын тұрасыз. Оптимистсіз және кез-келген жағдайдан сәтті нәтиже күтесіз. Сіздермен ортақ тіл табу өте оңай. КӨК Сіз өте байсалды,сабырлы жансыз. Эмоцияңызды жасыра аласыз. Алайда, жиі шаршап қаласыз, ұйқыны жақсы көресіз. Үйлесімділікке, татулыққа ұмтылу сіз үшін ең маңызды дүние. Жан дүниеңіз бай, талантқа толы тұлғасыз. ЖАСЫЛ Сіз басқа адамдардың ықпалынан қорқасыз, өз-өзіңізді көрсетуге қысыласыз. Қолдау күтесіз, мақтағанды ұнатасыз. Бірақ өзіңізге сенбейсіз, неге? Өйткені, қорқасыз. Сіздің бойыңызда жасырынған таланттар бар. Мысалы сіз сурет салғанды ұнатасыз немесе бұрында салдыңыз. Қайта дамытуға, қолыңыздан келетініне сенсеңіз талай биіктерді бағындыра аласыз.