Лукашенко: НАТО шабуылдап, Гродненск облысын тартып алмақ
Лукашенко: НАТО шабуылдап, Гродненск облысын тартып алмақ
Қазіргі таңда Беларусь елінің батыс аймағын шабуылдап, Гродненск облысын бөліп алуы мүмкін. Бұл туралы 21-тамызда Александр Лукашенко мәлімдеді.
«Батыс елдері ең алдымен осы Гродненск аймағын бөліп алуды мақсат етуде. Жақында ғана сол аймақта аз уақытқа Польша туы ілініпті. Әзілдесетін уақыт емес. Оның үстіне бұл әлсіз әскер емес, бұл НАТО. Сондықтан мен Ресей президентін ескертіп, жағдайды айттым. Біз жағдайды түсініп отырмыз. «Одақтас ел» және ҰҚШҰ аясындағы келісімдеріміз бар», — деді беларусь президенті.
«Ресей үшін Беларусь мәселесі өте маңызды. Ресейді шабуылдайды. Бізді таптап өтпек. Қолдарынан келмейді. Біз қарсылық білдіріп, шегіндіріп тастаймыз!», — деді ол.Жақында ғана Гродненск аймағына президенттің бұйрығымен қосымша әскери күш жіберілген болатын.
«Ертең көресіздер. Мен сол аймаққа ұшып барып, жағдайды бағамдамақпын. Мен ешкімді қорқытқым келмейді, бұл бірақ шындық. Бұдан қашып құтыла алмаймыз. Жағдайды ескеріп, табанды түрде қарсыласу керекпіз. Сонымен қатар мен бейбітшілікті сақтап, жұмысшыларға жағдай жасағым келеді. Мен елді әскери жағдайға көшіргім келмейді. Бұл дұрыс емес. Мен әрқашан бейбітшілікті жақтаймын. Менің басты мақсатым батыс шекарада қатаң жауап беріп, осы жерде жағдайды тұрақтандыру», — деді Лукашенко.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ