Таразда жас жігіт сейфтегі қомақты ақшаны жымқырып, ұтыс ойынына тіккен

10 Қаңтар, 2019 697 0

Таразда 24 жастағы азамат мейрамхана сейфінен 1 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол жуырда ғана әкімші болып жұмысқа орналасып, кәсіп иесінің сеніміне кірген. Күдікті ұрланған ақшаны букмекерлік кеңеселерге ұтыс ойындарға тігіп, жаратып жіберген. Қазір бұл азамат өз кінәсін мойындады. 

Сондай-ақ, қаладағы кафелердің бірінде 29 жастағы азамат жәбірленушінің қалтасынан 1 млн 90 мың теңгесі мен 1000 АҚШ долларын ұрлап алған. Тергеп-тексеру нәтижесінде ұры анықталды. 

Ол жасаған әрекетін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазір аталған қос дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 


Дереккөз: ҚазАқпарат 


Тегтер: ұрлық, Тараз, жігіт, ақша, сейф, қылмыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.