Аймағамбетов: мұғалімдердің жалақысы өседі
Аймағамбетов: мұғалімдердің жалақысы өседі

"Бұл өте маңызды мәселе. Ашық айтуылуы керек тақырып. Ауылдар мен шалғай мектептерде білім деңгейі төмен. Басты проблема – кадр біліктілігі мен тапшылығы. Көптеген мектепте бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ береді. Сол себепті осы мәселені шешу үшін ауыл мектептері мен ауыл мұғалімдерінің еңбекақысын қаржыландыруды қайта қарау бойынша жұмыс жүргізу қажет", - деді Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясында.Ауыл мұғалімдерінің жалақысын көтеру мәселесі жыл соңына дейін шешімін табатынын айтты.