Жаңалықтар

Алматы әкімдігі санитарлық режимді сақтауға шақырады

Алматы әкімдігі санитарлық режимді сақтауға шақырады

 width= Алматы әкімдігі кәсіпкерлерді қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жұмыс орнында вирус жұқтырудың алдын алу үшін санитарлық нормаларды сақтауға шақырады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова, кәсіпкерлерді санитарлық нормаларды,  маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды. Алматы қаласында, Республиканың Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің енгізген Қаулысына сәйкес, Қ.Әбдіжаббарова карантин шараларын ұстануға, сырқаттанудың артуын болдырмауға, күрделі эпидемиологиялық жағдай кезінде кәсіпкерлік нысандарға барлық санитарлық нормаларды сақтауға шақырды. Ол қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс орындарында жаппай жұқтыруға жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударды.
«Сырқаттанған қызметкерлерді үнемі тексеріп, ауырып тұрғандарды жұмысқа жібермеу - бұл қызметкерлер, қала тұрғындары арасында денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді. Себебі тұрғындар, қала қонақтары азық-түлік алу үшін біздің дүкендеріміздің, базарлардың қызметтерін пайдаланады», - деп атап өтті Қ.Әбдіжаббарова.
Сондай-ақ Басқарма кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. «Біз ұсынған жеңілдігі бар  несиелерді беру механизміне қатысқысы келетін нысандар  ӘКК-на және Басқармаға жүгінсеңіз болады. Біздің есігіміз әрдайым ашық», - деді ол.