Ұялы телефонын ұрлап, Kaspi қосымшасы арқылы 350000 теңгені жымқырған
Ұялы телефонын ұрлап, Kaspi қосымшасы арқылы 350000 теңгені жымқырған

"Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің үйінде қонақта болып, оның ұялы телефонын ұрлап алып, Kaspi қосымшасы арқылы 325 000 теңге ақшаны өз картасына аударған Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қазір күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.