Ішкі қорқынышыңыз қандай?
Ішкі қорқынышыңыз қандай?
Ішкі қорқыныш кез келген адамның бойында болады. Бұл қалыпты нәрсе. Тек ол қорқыныштың мәнін түсініп, жеңуге тырысу керек. Әйтпесе іштен тынып, өзін-өзі жегідей жеу жүйке жүйесіндегі ақаулықты тудыруы мүмкін.
Қайсысы қорқыныштырақ, қай фото көзіңізге бірінші түсті? Таңдаған суреттің анықтамасына зер салыңыз.... А жауабы. Сіз болашағыңыздан қорқасыз. Ертеңгі күннің қандай боларын білмейсіз, сол үшін бір нәрсе дұрыс болмай қала ма деп уайымдайсыз. Бір іс ойыңыздан шықпаса, қатты қынжыласыз. Бірақ салым суға салына берудің қажеті жоқ. Мақсатыңыз болса, соған қарай қорықпай қадам баса беріңіз. Ертеңді ойлаймын деп бүгінгі күніңізді ұмытып кетпеңіз. Бүгінгі қадамыңыз дұрыс болса, міндетті түрде бәрі жақсы болады. Қазіргі сәтпен өмір сүріңіз. Б жауабы. Сіз басқалардың өзіңіз туралы жаман ойлап қалуынан қорқасыз. Өзгенің пікірі сіз үшін маңызды. Сол адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырамын деп өзіңізді жоғалтып алмаңыз. Бәріне бірдей жағу мүмкін емес. Сізді шын бағалайтын жандар қандай жағдайда да сізді қолдайды, осы болмысыңызбен ұнатады. Ал болмашы нәрсеге кінәлап, теріс айналатындар сіздің адамдарыңыз емес шығар. Соны ойлаңыз. В жауабы. Бұл жауап біртүрлі болуы мүмкін, бірақ бұл фотоны таңдаған жандар көбіне қатты қорқынышты сезіне бермейді. Салқынқандылық танытып, өзінің әлсіз тұстарын жасыруға не көрсетпеуге тырысады. Өзіңізді қатты жақсы көресіз. Бірақ айналаңыздағыларды ұмытып кетпеңіз. Көп жауапкершілік алуға тырысасыз, алайда арасында емін-еркін сезініп, демалған артық етпейді. Г жауабы. Егер сіз осы жауапты таңдасаңыз, демек сіз жалғыздықтан қорқасыз. Сіз үшін ең маңызды нәрсе – махаббат, гармония. Отбасы құндылықтарын аса бағалайсыз. Жақындарыңыз үшін қатты алаңдайсыз, тіпті өзіңізден де жоғары қоятын кездер болады. Жұп таңдайтын кезде немесе дос іздегенде сақ болып, талап қоя білгеніңіз жөн. Себебі жаныңызда лайық емес жандар жүргенше жалғыз болған артығырақ.