Норвегияда елдегі ең бай адамдардың бірінің зайыбын ұрлап кетті

09 Қаңтар, 2019 917 0

Норвегияда әлемдегі ең бай адамдардың бірі - Том Хагеннің зайыбы ұрланды. Қаскүнемдер ол үшін ақша талап етіп, қорқытқан, деп хабарлайды құқық қорғаушыларға сілтеме жасаған VG басылымы.

Норвегиялық миллионердің зайыбы - 68 жастағы Анне-Элизабет Фалкевик-Хагеннің 31 қазан күні Лёренскугтегі үйінен жоғалғаны айтылып отыр. Басылымның мәліметінше, ұрлаған адамдар криптовалюта түрінде 9 млн еуро ақша талап еткен. 

Құқық қорғаушылар әйелді іздеу үшін қатаң құпиялылық жағдайында шұғыл шаралар қолданған. Істің мән-жайлары туралы тек қазір ғана белгілі болды. Өйткені бастапқыда ұрлау фактісін жариялау жағдайында әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін болған.


Дереккөз: ҚазАқпарат 



Тегтер: адамұрлығы, Норвегия, байадам, байлық, қылмыс, ТомХаген

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.