Жаңалықтар

Ким Чен Ын міндеттерді қарындасына тапсырды

Ким Чен Ын міндеттерді қарындасына тапсырды

 width= Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын кейбір міндеттерін өзінің қарындасы Ким Ё Чжонға тапсырды. Бұл туралы  Newsroom+Ақпарат агенттігі Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Ким Чен Ын абсолютті билігін сақтайды, ал қарындасы оның орынбасары болады. Ё Чжон Оңтүстік Корея және АҚШ-пен қарым-қатынас мәселелерін шешкен. Оңтүстік Кореяның барлау ақпаратына сәйкес, басқа саясаткерлеріне де Кимнің кейбір міндеттері жүктелген. Министрлер Кабинетінің төрағасы Ким Док Хун және Мемлекеттік кеңес төрағасының орынбасары Пак Бонг Ду ел экономикасын басқару міндеттерін өз мойнына алды. Тағы екі шенеунік қорғаныс мәселелеріне ішінара жауап береді. Бірақ Ким Чен Ын мұрагерін әлі таңдаған жоқ. Бұған дейін Ким Чен Ын сегіз айда алғаш рет Корея жұмысшылар партиясы Орталық комитетінің кезектен тыс «пленумын» ұйымдастырып, «маңызды мәселені» талқылайды деген ақпарат шыққан. Сарапшылар пленумның шұғыл отырысы Солтүстік Корея лидері қарындасының өкілеттіктерін кеңейтуге қатысты болуы мүмкін деп болжады. Сәуір айында Ким 20 күн бойы көпшілік алдында көрінбеді. Оның болмауына байланысты саясаткердің қайтыс болуы немесе ауруы туралы қауесеттер болды.