"Ойланбадым": Алматылық полицей 6 адамды өрттен аман алып қалды

09 Қаңтар, 2019 722 0

Полиция басқармасының Метрополитендегі патрульдық полиция сержанты Әлімқыдыр Әділет өртеніп жатқан үйден алты адамды құтқарып қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Метро аймағын шолып жүрген полицейге азаматтар жүгіріп келіп, жоғарыда жеке тұрғын үй өртеніп жатқанын хабарлаған.

Сержант Әлімқыдыр серіктесіне дабыл туралы хабарлап, метрополитеннен шығып, шатыры өртке оранған үйді көрген.

Көп ойланбастан полиция сержанты өртеніп жатқан үйге кіріп, жерде ес-түзсіз жатқан ер адамды сыртқа алып шыққан. Ер адам ішімдікке сылқия тойып, ұйықтап жатыр екен.

Жеке тұрғын үй төрт бөліктен тұратыны анықталған. Олардың үшеуінде адамдар тұратынын естіген полицей үйдің үшінші бөлігінен әжей мен оның екі немересін алып шыққан.

Екінші бөліктегі үйден полицей ұйықтап жатқан екі әйелді оятып, алып шығады. 

Оқиға орнына жеткен серіктестері полиция лейтенанты Мұсахан Ардақ пен полиция сержанты Тастан Асқар адамдардың қауіпсіз аймақтан шықпауын қадағалап тұрған.

Сержант Әлімқыдыр Әділет батылдық пен ержүректік танытып, өзінің негізгі міндетін атқарды. Жалғыз өзі адамдарды құтқарып, қауіпсіз аймаққа жеткізе білді.




Тегтер: өрт, Алматы, құтқару, полиция, оқысоқиға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.