Аңшы баласын бұғы деп ойлап, жайратып салған

09 Қаңтар, 2019 845 0

Ресейдегі Ханты-Мансийск автономдық аймағының тергеу органдары әкесінің баласын өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оқиға 3 қаңтар күні Нефтеюган ауданында болған. Ауа райының бұлыңғыр кезінде аңшы алдында келе жатқан нысанды бұғы деп ойлап, оған қарай оқ атқан. Алайда ол жануарды емес, өз баласын жер жастандырған. 18 жастағы жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады аймақтық тергеу басқармасының баспасөз қызметінен. РФ ҚК 109-бабының 1-бөлімі («Абайсызда адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. 



Тегтер: оқысоқиға, аңшы, оқату, аңшылық, Ресей, бұғы, қылмыс, тергеу

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.