Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы биыл аяқталады
Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы биыл аяқталады
Түркістандағы әуежайдың құрылысы биылғы жыл соңына дейін аяқталатын болды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында мәлім болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
Сапар аясында Президент Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысқан еді. Осы шара барысында Қазақстан Президентіне Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы жайында ақпарат беріліп, әуежай құрылысының жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетіні айтылды.
«Түркістан – қазақтың алтын бесігі, рухани орталығы, түркі әлемін біріктіретін киелі мекен. Екі жылда Түркістан облысының экономикасы мен әлеуметтік саласын қалпына келтіру үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Стратегиялық маңызды осы өңірдің болашағы зор екеніне сенімдімін»,-деп жазды Мемлекет басшысы кейін өзінің Twitter-дегі парақшасында.