Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицей жазаланды
Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицей жазаланды
Павлодар облысында блокбекетте жүргізушіден ақша сұраған Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері погондарын шешуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, одан қызметтік куәлікті тапсыру талап етілгені айтылады. Полиция департаментінің өкілдері әріптесінің әлі атақтан айырылмағанын айтты. Бұл шешімді сот қабылдайды дейді. Еске салайық, мұның алдында Желіде Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицейдің видеосы тараған еді. Видео кадрларынан полиция қызметкерінің Германиядан Семейге келе жатқан жүк көлігі жүргізушісінен темекіге ақша сұрағаны көрінеді.