Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Месси кейінгі жеңілістен кейін «Барселонадан» кеткісі келеді

Месси кейінгі жеңілістен кейін "Барселонадан" кеткісі келеді

Месси кейінгі жеңілістен кейін «Барселонадан» кеткісі келеді
ашық дереккөзі
 width= "Барселона" құрамасының футболшысы Лионель Месси бас бапкер Рональд Куманға клубтан кететінін айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. Футболшы жаңа бас бапкерге Чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавария" клубынан 2:8 есебімен жеңілген соң клубтағы жағдайға көңілі толмайтынын айтқан. Сонымен қатар өзін "Барселонадан" тыс көретінін де ескерткен еді. Басылымның мәліметіне қарағанда, Месси командадан кетсе, қандай қиындықтарға тап болатынын біледі. Негізінде футболшының "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады. Айта кетейік, 57 жастағы Куман каталониялық клубтың тізгінін 19 тамызда ұстаған - бапкер екі жылдық келісімшарт жасасты. Футболшы ретінде ол "Барселонада" 1989-1995 жылдар арасында ойнаған, ал 1998-1999 жылдары көмекші болып жұмыс істепті. "Барселона" футболшыларын жаттықтырған 61 жастағы Кике Сетьен команда "Бавариядан" ірі есеппен жеңілген соң командадан кеткен болатын.