Жаңалықтар

Нигериялық биші видео арқылы бірнеше рет стипендиант атанды

Нигериялық биші видео арқылы бірнеше рет стипендиант атанды

 width= 11 жастағы нигериялық балет бишісі әлемнің бірнеше оқу орындарының стипендианты атанды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі BBC сайтына сілтеме жасап. 11 жастағы Энтони Месома Маду Нигериядағы Балет академиясының студенттерінің бірі. Мектепте арнайы спорт зал жоқ, сондықтан балалар көбінесе сыртта жаттығады. Бірде Энтони жаңбыр астында билеп, соны ұялы телефонға түсірген.  Бейнені әлеуметтік желіге сала бастады. Бейне қысқа уақыт ішінде ғаламторды жаулап алып, мыңдаған пікірлерге ие болды. Көптеген Голливуд жұлдыздары оны микроблогтарымен бөлісті. Нью-Йорктегі балет мектебінің негізін қалаушылар да нигериялық баланың бейнесін көрді. Олар оған жазғы семинарға қатысуға мүмкіндік беретін стипендияны ұсынды. Ал жас бишінің оқытушысы Даниэль Авосени екі апта мұғалімдерге арналған курстан өту мүмкіндігіне ие болды Осындай стипендиялардың бірі АҚШ-тағы Американдық балет театрының беделді Жаклин Кеннеди Онассий мектебінен алынды.