Балалар арасында кавасаки синдромы шынымен де тарап жатыр ма?
Балалар арасында кавасаки синдромы шынымен де тарап жатыр ма?

«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы COVID-19 індетімен уақытша ұқсастығы бар көп жүйелі қабыну синдромының Кавасаки мен байланысы бар. Алайда негізгі емханалық симптомдарында айырмашылық бар. Кавасакимен көбіне кішкентай балалар ауырса, көп жүйелі қабыну синдромы жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі жастар арасында кездеседі», - деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекшісі Риза Боранбаева.Статистикаға сәйкес, Қазақстанда 13 наурыз - 19 тамыз аралығында коронавирустық инфекциямен 0 жастан 18 жасқа дейінгі 2 357 бала ауырды. Солардың ішінен көп жүйелі қабыну синдромына 14 бала шалдықты. Ауру көрсеткіші 0,6% құрады. Бұл синдром бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 5 бала ауырса, соның үшеуі жазылып шықты. Қарағанды, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 2, Алматы, Түркістан, Атырау облыстарында 1 жағдайдан анықталды.