Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Балалар арасында кавасаки синдромы шынымен де тарап жатыр ма?

Балалар арасында кавасаки синдромы шынымен де тарап жатыр ма?

Балалар арасында кавасаки синдромы шынымен де тарап жатыр ма?
ашық дереккөзі
 width= Елімізде балалар арасында кавасаки синдромы таралып жатыр деген ақпарат жалған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың айтуынша, соңғы кездері әлеуметтік желіде коронавирустық инфекциямен ауырып шыққан балалардың Кавасаки синдромына шалдығып жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Осы ақпаратқа байланысты Денсаулық сақтау министрлігі, бүгінгі күні Қазақстанда коронавирустық инфекцияның жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауырған балалар арасында көпжүйелі қабыну синдромы тіркеліп жатқанын айтты. Бұл Кавасаки синдромы деп те алаталады екен. Негізінде аталмыш аурумен коронавирус жұқтырған балалардың барлығы ауыра бермейді.
«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы COVID-19 індетімен уақытша ұқсастығы бар көп жүйелі қабыну синдромының Кавасаки мен байланысы бар. Алайда негізгі емханалық симптомдарында айырмашылық бар. Кавасакимен көбіне кішкентай балалар ауырса, көп жүйелі қабыну синдромы жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі жастар арасында кездеседі», - деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекшісі Риза Боранбаева.
Статистикаға сәйкес, Қазақстанда 13 наурыз - 19 тамыз аралығында коронавирустық инфекциямен 0 жастан 18 жасқа дейінгі 2 357 бала ауырды. Солардың ішінен көп жүйелі қабыну синдромына 14 бала шалдықты. Ауру көрсеткіші 0,6% құрады. Бұл синдром бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 5 бала ауырса, соның үшеуі жазылып шықты. Қарағанды, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 2, Алматы, Түркістан, Атырау облыстарында 1 жағдайдан анықталды.