Серік Сәпиев декреттік демалысқа шықты
Серік Сәпиев декреттік демалысқа шықты

«Серік Сәпиев тамыздың 12-сінен желтоқсанның 23-іне дейін бала күтіміне байланысты ресми түрде еңбек демалысына шықты. Ал комитет төрағасының міндеті оның орынбасары Серік Жарасбаевқа жүктелді», - деді комитеттің баспасөз қызметінен.Бұл ретте, әлеуметтік желіде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің Ақтаудағы «Rixos Water World Aktau» қонақүйі қонақтарын өзінің шеберлік сабағына шақырған видеосы тарады.