Қашықтан оқыту барысында балаларға психологиялық көмек қажет

Қашықтан оқыту барысында балаларға психологиялық көмек қажет

ашық дереккөзі

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің youtuube парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтылды. Тікелей эфирге Білім және ғылым вице-министрі Ш. Каринова, Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Е. Мұхамеджан, мұғалімдер мен психологтар қатысты. Елімізде төтенше жағдай хабарланғаннан бері оқушылар IV оқу тоқсанын қашықтан оқыту жүйесі арқылы бастады. Қазіргі таңда 2 млн-нан аса оқушы интернет арқылы, 800 мыңнан аса бала білім алған. Шалғай елді мекендегі кей мектептер штаттық режимде сабақ беруде. "Жаңа оқу форматы таңсық болғандықтан балалар мен ата-аналар арасында түсініспеушіліктер орын алуда. Бұл ретте балаларға ерекше психологиялық көмек қажет. Қоғамда карантин алдындағы үрей күшейіп, ол білім беруге де ауысып отыр. Сондықтан сабырлық танытып, балаға қолдау көрсеткен жөн" - деді сала мамандары эфир барысында. Айта кеткен жөн, 6 сәуірде бастау алған қашықтан оқыту жүйесіне қатысты күні кеше мемлекет басшысы да өз пікірін білдірді. Басты мәселе ретінде елдегі "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының осал тұстарын атап өткен президент, жаңа оқу форматындағы оқылықтарды түзеу бойынша тапсырма берді.     Батырхан Шербатырұлы

Жүктелуде...