Қазақстан бітімгерлері Ливанға аттанды
Қазақстан бітімгерлері Ливанға аттанды
60 қазақстандық бітімгер Ливанға аттанды. Олар 2019 жылдың қарашасынан бері болған үшінші бітімгершілік серіктестіктің әскери қызметшілерін алмастырады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Бүгін, 20 тамызда Алматы облысының Қапшағай гарнизонында БҰҰ бітімгершілік миссиясына қатысу үшін төртінші бітімгершілік ротасының әскери қызметшілерін Ливанға жөнелтудің екінші кезеңі өтті.
Әскери топ «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясының құрамында қызмет ету үшін жіберілді. Бұл ротацияның ерекшелігі – бітімгершілік миссиясының тарихында алғаш рет құрамға Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің ғана емес, сондай-ақ өңірлік қолбасшылық қызметшілері де енгізілді.
Төртінші қазақстандық бітімгершілік ротасының құрамына 120 әскери қызметші кіреді. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жеке құрамның денсаулығын сақтау үшін әскери қызметшілерді жіберу екі кезеңге созылады. Бітімгерлер тамыз айының басында және ортасында аттанады.
2018 жылдың қазан айында БҰҰ мандатына сәйкес, Ливанда қазақстандық және үнді бітімгерлерін бірлесіп өрістету туралы меморандумға қол қойылды. Содан бері күн сайын қазақстандық және үнді бітімгерлері бірлесіп, 50-ге жуық міндеттерді орындайды.