Алексей Навальныйды ұшақта улаған - комада жатыр
Алексей Навальныйды ұшақта улаған - комада жатыр

"Алексейді әдейі улаған. Ол тек шай ішті. Дәрігерлердің айтуынша, токсин ыстық сұйықтық арқылы тез сіңіп кеткен", - деп мәлімдеді Ярмыш.Ол бір жыл бұрын болған оқиғаны еске алды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоры" өткен жылы арнайы қабылдау кезінде Навальныйды дәл осылай уламақ болғанына сенімді. Навальныйдың ауруханаға жатқызылғанын денсаулық сақтау министрлігі растады.
"Блогер жедел жәрдем көлігі арқылы қаладағы ауруханаға жеткізілді. Қазір Навальный жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады ведомство.Навальный Омбыдағы ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, қазір ес-түссіз жатыр. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының" баспасөз хатшысының айтуынша, ауруханаға полиция шақырылды. Кейін Навальныйдың баспасөз хатшысы Twitter желісінде оның комаға түскенін хабарлады.