Қытай халқы 70 жылда алғаш рет бір миллионға аса азайды

05 Қаңтар, 2019 1613 0

2018 жылы Қытай халқы 1,27 миллионға азайған. Мұндай жағдай аспан асты елінде 70 жылда алғаш рет болып отыр.

Бұл туралы Agence France-Presse басылымы. 

Бейжің университетінің экономисі Су Цзянь мен АҚШ-тағы Висконси университетінің туу жөніндегі маманы И Фусянь ҚХР-дің Денсаулық сақтау және бала тууды жоспарлау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтері мен басқа да деректерді зерттегеннен кейін, осындай тұжырым жасап отыр.

Ғалымдардың есебінше, Қытайда 2018 жылы дүниеге келген балалар санының көрсеткіші 2017 жылмен салыстырғанда, 2,5 миллионға төмендеген. Десе де бұл көрсеткіш 790 мыңға көтеріледі деп күтілген еді.

Қытайда адам санының азаюы 70 жылда алғаш рет тіркелді. И Фусяньнің пікірінше, мұндай жағдай бала туу жасындағы әйелдер санының аздығымен және мемлекеттегі білім, баспана және медициналық көмек құнының қымбаттауымен байланысты.

Дереккөз: Stan.kz

Тегтер: Қытай, халық, сан, миллиард

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.