Беларусь жылдың соңына дейін Ресейге қосылады - Жириновский
Беларусь жылдың соңына дейін Ресейге қосылады - Жириновский

"2020 жылдың соңына дейін Беларусь Ресей құрамына кіреді", - деп хабарлады ол.Жириновскийдің ойынша, Лукашенко өзінің орнына бейтарап үміткерді тағайындап, бірнеше айға демалуы қажет. Осы оқиғадан кейін, Беларусьтің Ресейге қосылуы туралы мәселе парламентте талдануы керек. Содан кейін ғана мемлекет Могилев және Минск болып екіге бөлінеді. Оның ойынша, Лукашенкоға елде тағы да сайлау өткізу мүлдем қажет емес. Себебі ол сайлау "Лукашенкоға да керек емес".
"Ол жеңілгісі келмейді. Ол тарихта қалуы үшін Богдан Хмельницкий секілді әдемі кеткісі келеді", - деді Жириновский.Оның ойынша, Ресейге қосылу - болып жатқан жағдайдан шығудың ең тиімді тәсілі. Егер Беларусь Ресейге қосылса, басқыншылық болмайды.