Жаңалықтар

Шымкент: Қаланың шеткі аудандарына 145 аялдама орнатылады

Шымкентте қала көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жол жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа аялдамалар орнатылып жатыр, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Adym.kaz порталына сілтеме жасап. Биыл Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған. Оның ішінде, ТИП 22 түрі – 165 дана, ТИП 20 – 95 дана. Атап айтқанда, Абай ауданында 70, Әл-Фараби ауданында 70, Қаратау ауданында 70, Еңбекші ауданында 50 дана жаңа аялдама орнатылады. Ал 145 ескі аялдаманы демонтаж жасап, қала сыртында орналасқан елді мекендерде орнату көзделген.