Түркістан: Біріккен Араб Әмірлігінен келген гуманитарлық көмек ауруханаларға үлестірілді
Түркістан: Біріккен Араб Әмірлігінен келген гуманитарлық көмек ауруханаларға үлестірілді
Түркістан облысының барлық 35 медициналық мекемелері әлемнің түкпір-түкпірінен келген қайырымдылық көмек таратылуда. Жүктің ішінде қажетті дәрі-дәрмек, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш заттары, медициналық бетперде, қолғап, антисептикалық құралдар бар. Көмек COVID-19 вирусына қарсы алдыңғы шепте күресуші қызметкерлер мен емделушілерге беріледі, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына жеткізілген қайырылымдылық жүгін арнайы мониторинг тобы мен «Сарыағаш-адалдық алаңының» өкілдері қарсы алып, қабылдап алды. БАӘ тарапынан індетті тоқтату мақсатында жіберген көмекті діттеген жеріне жетуін қамтамасыз етті.
Індет тараған кезден бастап Түркістан облысына ҚХР, Ресей, БАӘ, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Катар, Өзбекстан, Грузия және көптеген басқа да елдерден, ДСҰ сияқты халықаралық ұйымнан қайырымдылық көмек келген. Коронавирус пандемиясымен күресте қажетті қор жеткілікті.