weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының жартылай финалына өтті

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының жартылай финалына өтті

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының жартылай финалына өтті
ашық дереккөзі
   width= Қазақстандық әнші Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының жартылай финалына өтті. Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. 
«Келесі кезеңге өткеніме сене алар емеспін. Сіздерге айтар алғысым шексіз. Жартылай финалда сенімдеріңізді ақтау үшін барымды саламын. Дауыс берген әрбір жанға рақмет! Сіздерді жақсы көремін және өте бақыттымын!» – деді әнші.
Жобаның ширек финалында жерлесіміз Гарри Стайлстың Sign of the Times әнін орындаған болатын. America’s Got Talent шоуының 15-маусымында әділқазы алқасына жоба негізін қалаушысы әрі продюсері Саймон Коуэлл, актриса София Вергара, сән әлемінің жұлдызы Хайди Клум мен әзілкеш Хоуи Мэндел енген. Ал жүргізушісі – Терри Крюс. Танымал шоудың 15-маусымы 26 мамырда NBC телеарнасында басталды, ал 29 мамырдан бастап Netflix UK көрсетуде. Данэлия жобаның алғашқы турында канадалық әнші Faouzia-ның Tears of Gold әнін орындаған болатын.  
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→