Жаңалықтар

Қазақстандық ЖОО-лар студенттерін дипломсыз қалдырды

Қазақстандық ЖОО-лар студенттерін дипломсыз қалдырды

 width= Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік бақылауды жүргізуге кедергі келтіретін бірқатар жоғары оқу орнына қатысты тиісті шаралар қабылдамақ. Мәселе барысында әкімшілік істер қозғалды, материалдар сотқа жіберілді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. 2019 жылы Орталық Азия және Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінде тексеру жүргізілді. Нәтиже бойынша заңнама нормаларының біршама бұзылғаны белгілі болды. Бүгінге дейін аталған университеттер тексерудің кейбір кезеңдеріне кедергі келтіріп келеді. Аталған екі жоғары оқу орнына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар мамандандырылған соттарға жіберілді. Екі университте сот шешімдерінің күшіне енуіне қарай тексерулер жүргізіледі. Негізінде "Астана" университетінде жоспарлы тексеру 2020 жылдың басында жүргізілуі керек еді. Университет қажетті материалдарды ұсынбағандықтан, профилактикалық бақылау жүргізуге кедергі болды. Сот талқылауынан кейін ЖОО әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кететін жайт, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен "Астана" университеті арнайы аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеуден өтпеген. Сонымен қатар, соңғы екі жылда "Атамекен" ҰКП өткізетін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингінде бұл университеттердің соңғы орындарда екені де көрсетіледі. "Білім туралы" ҚР Заңына сәйкес екі жоғары оқу орындары да 2020 жылғы түлектеріне диплом бере алмайды. Соңғы курс студенттерінің мүдделерін сәйкес, бұл университеттер диплом беру үшін аккредиттеуден өтуі керек. ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенованың айтуынша, талапкерлердің назарын жоғары оқу орнын дұрыс және саналы түрде таңдаудауға аудару керек.
«2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары өз үлгісіндегі дипломдарын беделін болады, бұл кейіннен жұмысқа орналасуға әсер етеді. Қазір барлық түлек жоғары оқу орнының беделіне және оның білім беру нарығындағы жағдайына қарамастан, мемлекеттік үлгідегі бірдей диплом алады. Біздің ойымызша, жұмыс берушілер болашақ маманды "кім" дайындағанын білуі керек және жоо-лар арасында мықты бәсекелестік болуы керек. Жеке үлгідегі дипломдар жүйесін енгізгеннен кейін жоо-ның талапкерлер мен жұмыс берушілер алдындағы жауапкершілігі артады. Мықты маман болу үшін нәтижеге жұмыс істейтін және белгілі бір саладағы нарықта көшбасшы болып табылатын университетті таңдау керек. Тек осылай ғана жоғары білім беру жүйесін жосықсыз қызмет көрсетушілерден "тазартуға" болады», – деді ол.