Қуандық Рақым әлі күнге дейін темекі мен ішімдіктің дәмін татып көрмегенін айтты

04 Қаңтар, 2019 969 0

Белгілі әнші Қуандық Рақым өзінің жаман әдеттерден аулақ екенін айтты. Тіпті ол темекі мен алкогольдік ішімдіктің дәмін татып көрмеген екен.

«Осы уақытқа дейін темекінің де, ішімдіктің де дәмін татып көрген емеспін. Ортамның өзі сондай болды. Туған жерім Сәтпаев қаласында, одан кейін Алматыда да. Әйтеуір Алла ондайлардан алыстатып, ортамды күшті етіп қояды. Жақын араласатын адамдарымның біреуі ішпейді, біреуі тартпайды. Тіпті, қазіргі заманда жастардың арасында «хит» боп жатқан кальянды да татып алмайды. Солардың жанында жүріп осындай болған шығармын деп ойлаймын», - деді әнші «Астана» арнасындағы «Сырласу» бағдарламасында.

Бұдан басқа Қуандық Рақым танымал болғаннан кейін өзінің жұлдыз ауруына шалдықпағанын алға тартты.

Тегтер: Қуандық, Рахым, шылым, ішімдік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.