Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан
15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында
64 өскіншек бала бар. Стационарларда
6 942 науқас жатыр.
8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жалпы науқастардың арасында
350 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде
100 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда.
63 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.